1-қазан Қазыналы қариялар
01.10.2024ж
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының қызмет алушылары он күндік іс-шараға байланысты «Қазыналы қариялар» тақырыбында мерекелік концерт өткізді. Қызмет алушы балалар ата, әже тықырыбында тақпақтарын айтып, илерін билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе «Қарттар үйі» - деген көрініс шынайы қойылым болды. Ата рөлін ойнаған қызмет алушы Агибаев Дален өте жоғары деңгейде сахналық көріністің нағыз кейіпкері болды.
Орталығымыздың зейнеткер қызметкерлерін құттықтап кішігірім сыйлықтары берілді.
Қазіргі қоғамда , қарттар үйі мәселесі өте өзекті тақырып. «Жас жүрген жер-мереке, Қарт жүрген жер –береке », - демекші қарттарымызды аялап, оларға сый-құрмет көрсету әрбір перзенттің парызы.
Мақсаты: Халқымыздың тәлім –тәрбиесі, ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен бөлісіп, өзіндік қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.