Коммунальное государственное учреждение "Центр дневного пребывания "Үміт" для детей с ограниченными возможностями" государственного учреждения "Управление координации занятости и социальных программ области Жетісу"

1-қазан Қазыналы қариялар

Жетісу облысының жұмыспен

 қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының

басшысы Е.Мизамбаевқа

 

Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының қарттар мен мүгедектер күніне арналған іс-шара жоспарының орындалуы

 

01.10.2024ж

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының қызмет алушылары он күндік іс-шараға байланысты «Қазыналы қариялар» тақырыбында мерекелік концерт өткізді. Қызмет алушы балалар ата, әже тықырыбында тақпақтарын айтып, илерін билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе «Қарттар үйі» - деген көрініс шынайы қойылым болды. Ата рөлін ойнаған қызмет алушы Агибаев Дален өте жоғары деңгейде сахналық көріністің нағыз кейіпкері болды.

Орталығымыздың зейнеткер қызметкерлерін құттықтап кішігірім сыйлықтары берілді.

Қазіргі қоғамда , қарттар үйі мәселесі өте өзекті тақырып. «Жас жүрген жер-мереке, Қарт жүрген жер –береке », - демекші қарттарымызды аялап, оларға сый-құрмет көрсету әрбір перзенттің парызы.

Мақсаты: Халқымыздың тәлім –тәрбиесі, ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен бөлісіп, өзіндік қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

 

 

 

1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар

 

 

 

 

 

 

 

 

01.10.2024ж

Жетісу обылысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының қарттар күніне арналған он күндік іс-шара жоспарына байланысты Әлеуметтік сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

1-қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне байланысты әлеуметтік салада ұзақ жылдар басшылық қызметін атқарған, зейнеткер «Көксу ауданының құрметті азаматшасы» Садыкова Алия Секерғалиқызы және балалардың орталыққа қатынасуын жауапкершілікпен атқарған зейнеткер, Оңғарбеков Халел ағамызды, қызметкерлер мен қызмет алушылар арнайы барып мерекелерімен құттықтап қайтты. Сіздердің өмірлік тәжірбиелеріңіз бен еңбектеріңіздің орны біз үшін бөлек....

Қариялар –халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре. Қарияларымыз аман болсын, қарттар күні құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

02.10.2024ж

Мүмкіндігі шектеулі балалаға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының қызмет алушы балаларына он күндік іс-шара бойынша Алматы қаласынан «Homa_circus» циркы келіп балаларға керемет көңіл-күй сыйлады. Өз өнерлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білдірді. Балалар керемет әсер алды. Өнер иелеріне айтар алғысымыз шексіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

03.10.2024ж

Он күндік іс-шара жоспары бойынша Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт » күндізгі болу орталығының қызмет алушы балалары Талдықорған қаласындағы «Bala Park» ойын-сауық орталығына барды. Балалар ойын ойнап, көңіл көтеріп, жақсы көңіл күймен қайтты. Ойын-сауық орталығының басшыларына айтар алғысымыз шексіз!

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар
1-қазан Қазыналы қариялар

Поделиться: