Иппотерапия (жылқыға мініп жаттығу)
Иппотерапия (жылқыға мініп жаттығу) сал ауруымен ауыратын балалардың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін емдеу түрі. Мамандардың айтуынша, барынша шыдамдылық танытып, әдістемелік жүйемен емдеген жағдайда бұл аурудың салдарын түзетіп, баланы жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады. Қимыл-қозғалысты сауықтырудың прогрессивті әдістерінің бірі иппотерапия (жылқыға мініп жаттығу) екен. 2017 жылдың 6 қыркүйегінде орталығымыздың мәдени ұйымдастырушысы Гүңшебай Әтіргүлдің бастамасымен Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Үміт" күндізгі болу орталығының балалары Талдықорған қаласындағы "Ерасыл" кешеніне барып ипотерапия өтіп, табиғат аясында жақсы демалып қайтты. Балаларымызға ем болсын демекпіз!



